Skip to main content

Майкл Джордан Мазмұны Балалық шағы Бағыттау мәзірі

АҚШ баскетболшыларыҰлттық баскетбол қауымдастығыМайкл Джордан


ағылш.Air JordanISBN 0671796666ISBN 5-17-023229-2ISBN 0313337675ISBN 0609602063ISBN 978-0-316-02380-1ISBN 978-5-9614-4294-6












Майкл Джордан




Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет






Jump to navigation
Jump to search


Майкл Джеффри Джордан (ағылш. Michael Jeffrey Jordan, 1963 жылы, 17 ақпанда Бруклин, Нью-Йорк қаласында дүниеге келген) — америкалық баскетболшы. NBA-ның бұрынғы ойыншысы. Ойында шабуылдаушы-қорғаушы позициясында өнер көрсетті. 1980-1990 жылдары бүкіл әлемде ҰБЛ (НБА) мен баскетболды кеңінен насихаттау жолында Джорданның үлесі оразан зор болды.
Өз еңбек жолын 1982-1984 жылдары Солтүстік Каролина Университетінің баскетбол командасында ойнаумен бастаған Джордан 1982 жылы NCAA біріншілігінде жеңіске жетті. 1984 жылы Джордан «Чикаго Буллз» командасының құрамында өнер көрсете бастады. Биікке керемет секіру қабілетінің арқасында ол «Air Jordan» лақап атқа ие болды. Ол сонымен қатар баскетбол тарихындағы ең үздік қорғаушы болып табылады. 1991 жылы «Буллз» құрамында ол өзінің тұңғыш ҰБЛ чемпионатын жеңіп алды. 1992 жылы және 1993 жылы ол өз жетістігін қайталады. Әкесінің қазасынан кейін баскетболдан кетпек болған Джордан бейсболда бағын сынап көрмек болды. Алайда 1995 жылы баскетбол аланына кері оралып, «Буллз» командасына тағы үш атақты жеңіп беріп, ҰБЛ-ның бір маусымда жеңіске жеткен матчтар саны бойынша рекордын жаңартты. 1995-96 жылғы маусымда 72 мәрте жеңіске жеткен. 1999 жылы Джордан тағы да баскетболмен қоштаспақ болды, алайда 2001 жылы тағы екі ойын маусымында «Вашингтон Уизардс» жейдесін киіп, сол құрама сапында өнер көрсетті.
1984 жылы Джордан Nike фирмасымен жарнама келісімшартына отырды, бұл компания Джордан мырза үшін әдейі Air Jordan кроссовкасын ойнап тапқан болатын. Бұл жобаның табысты болғаны сонша, соңында Air Jordan жеке дара спорттық киім үлгісінің брендына айналды. 1996 жылы Джордан өз түралы «Космический матч» көркем филіміне де түсті. Oakley Inc компаниясының басқарушылар құрамына кіреді. Бүгінгі таңда «Шарлотт Бобкэтс» командасының иесі болып табылады. Осылайша Майкл Джордан ҰБЛ клубын иеленген тұңғыш ойыншы.




Мазмұны





  • 1 Балалық шағы


  • 2 Рекордшы


  • 3 Марапаттары мен жетістіктері


  • 4 Дереккөздер




Балалық шағы


Майкл 1962 жылы Бруклинде өмірге келеді. Әкесі Джеймс Джордан АҚШ Әскери Әуе Қызметінде жұмыс жасаған, ал анасы Делорис Пиплс банк қызметкері. Майкл отбасындағы бес баланың төртіншісі болатын. Оның екі ағасы : Ларри, Джеймс, әпкесі Делорис және қарындасы Розлин. Бірақ көп ұзамай оның отбасы Солтүстік Каролина штатына қарасты шағын қала Уилмингтонға қоныс аударады. Басқа бауырларына қарағанда еріншектігімен, бірақ, доп ойнауға деген құштарлығымен жастайынан ерекшеленген Майкл балалық шағы туралы былай деп ой тербейді: Бес жасында алғаш рет баскетбол ойынына куә болып, ҰБЛ-дағы (НБА) кәсіпқойлар сияқты допты шығыршыққа үстінен салуға қатты құмарта бастайды. Сегізінші сыныпта оқып жүргенінде (ол кезде бойының ұзындығы небәрі 173 см. бола тын) тұңғыш рет допты шығыршыққа төбесінен енгізген. Бұған дейінгі жаттығулардың бірде-біреуінде дәл бұлайша биікке секіріп көрмеген. Ал сол жолғы ойында ол тура қанат біткендей тым биікке көтеріліп, допты шығыршыққа атып ұрды. Майкл Джордан тек өзінің қиялындағы емес, сон дай-ақ баскетбол добын қолына алған сан мыңдаған спортшы армандаған ұлы баскетболшыға айналды. Миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған ол тек Американың емес, күллі әлем бас кетболының шоқ жұлдызы ретінде танылды.


Майклдың анасы да ұлының балалық шағынан-ақ даңқты баскетболшы болуға тал пын ғанын растайды. Майкл шамамен 11-12 жасында өзінің қайткенде де Олимпиадаға қатысатындығын айтып, анасына уәде берді. Арманы 1984 жылы орындалды, 22 жасар Майкл ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.
Даңқты ұлын әкесі Джеймсте мақтан тұтқан. Майкл өзінің туған ағасы Ларримен үнемі бірге баскетбол ойнап, бастапқысында өзінен төрт жас кіші інісін Ларри ұтып кететін. Бірақ жыл өткен сайын Майкл есеп айырмасын айтарлықтай қысқартып отырды. Ал он беске толған шағында ол өзінің ағасын ұта бастады.
Майклдың ата-анасы туралы сөз қозғағанда, оның анасына тартқандығын айта кеткен абзал. Өйткені Джордандар тұқымында бойшаң адамдар әсте болған емес. Олардың ең ұзын дегенінің өзі 183 сантиметрден аспаған көрінеді. Сондай-ақ Майклдың өзі де бойының ұзын болуы үшін аянбай тер төгіп, осы мақсатқа арналған жаттығуларды үзбей жасап отырған. Кім біледі, соның арқасы болар 18-ден 19-ға қараған жылы оның бойы 12,5 сантиметрге бір-ақ секіріп, 198-ге жетеді.
Оның Эмсли Лэйни мектебінің қабырғасындағы жаттықтырушысы Фред Линч болатын. Майкл 9-сыныпта оқып жүргенінде бойының ұзындығы 183 см. Болған. Сол кездің өзінде ол алаңға мектептің негізгі құрамында шыққысы келетін. Бірақ ол сол тұста жоғары сынып оқушылары әкелетіндей нәтижеге қол жеткізе алмайтын-ды. Әйтсе де Майкл өзінің табандылығының арқасында бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде негізгі құрамнан команданың белді ойыншысы ретінде орын алды. Ал 11-12- сыныптарда оқып жүрген шағында ол тек мектебіміздің емес, сондай-ақ бүкіл Солтүстік Каролина штатының үздік ойыншысы болып табылды. Ал кейінірек АҚШ оқушылары арасындағы үздік он баскетболшының қатарында Майклдың да есімі аталды. Майкл баскетбол және басқа да жеңіл атлетикалық жарыстарға деген құштарлығының кесірінен сабаққа мүлдем көңіл бөлмеген. Тек жоғары сыныптарға жеткенде ол өзінің қателігін түсініп, орташа баллын жоғарлатуға ұмтыла бастады. Ол әсіресе математиканы жақсы меңгеріп шыққан.
Мектепті бітірісімен Майкл баскетбол бағдарламасына жете көңіл бөлінген Солтүстік Каролина университетінде оқуға ше шім қабылдайды. Оның мықты баскетболшы ретінде қа лыптасып, үлкен же тіс тіктерге жетуіне осы білім ор дасының көп көмегі тиді деуге толық негіз бар. Бұл жерде де Майкл үшін оқудан гөрі өзінің сүйікті ойыны баскетбол маңыздырақ болғаны жасырын емес. Дегенмен ол университеттің негізгі құрамына бірден алына қоймады.Мұндағы бапкерлер назарын өзіне аударту үшін тағы да біраз тер төгуіне тура келді. Ақыры 1982 жылы жоғары оқу орындары арасындағы турнирде ол көпшілікті мойындатты. Джорджтаун университетімен финалдық кездесуде бәсекеге түскен Солтүстік Каролина университеті жиырма жасар, бірінші курстың студенті Майкл Джордан салған шешуші голдың көмегімен жеңіске жетті. Осы оқу ордасының қабырғасында-ақ Майкл ұшатын, әуе Джорданы деген лақап аттарға ие болды. Солтүстік Каролина университетінің баскетболы Майкл Джордан мен Сэм Перкенсонның арқасында АҚШ ЖОО-лары-ның арасында үш жыл бойы үлкен нәтижелерге иек артты.
Майкл Джордан өмірінің жарқын беттері әйгілі «Чикаго буллз» командасымен тікелей байланысты екені даусыз. Осы команданың капитаны бола жүріп ол үлкен биіктерді бағын дырды, талайды тамсандырды.





Рекордшы


Майклдың келуімен өткен он үш маусымда «Чикаго Буллз» Ұлттық баскетбол лигасының алты дүркін жеңімпазы атанды. Майкл Джордан болса алты рет ҰБЛ фи налдарының ең пайдалы ойын шысы ретінде танылды. 1988 жылы ол ҰБЛ -дың үздік қорғаушысы деген құрметті атаққа ие болды. 1986 жылдың сәуір айында «Бостонмен» өткен кездесуде Майкл 63 ұпай жинап, үлкен сенсация жасады. Оның осы рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ. Сондай-ақ Майкл он рет ҰБЛ-дың үздік сұрмергені болды.
Дегенмен спорттың көптеген түрінде Олимпиада ойында рының орны ерекше. Майкл Джордан 1992 жылғы Барселона Олимпиадасында да өзін жақсы қырынан көрсетті. Бұл жарыста АҚШ ұлттық құрамасы тағы да бас жүлдені жеңіп алды. Әрине, бұл ретте де АҚШ баскетбол шы ларының жеңісі тікелей Джор дан ның есімімен байла ныс тырылды. Ол командасына ең көп пайда әкелген баскетболшы болып танылды.
1993 жылы Майкл «Чикаго Бул лздың» сапында тағы да чем пион атанды. Бірақ дәл осы жыл ол үшін қаралы болды. Оның әкесі Солтүстік Каролинада қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. 6 қазан күні Майкл спортпен қоштасатынын мәлім деді. Майталманның өнеріне тәнті жанкүйерлер бұл хабарды жабырқай қабылдады. Өйткені алаңдағы арпалыс кезінде өзін үнемі еркін ұстайтын, қарсылас тарының қитығына тиетін және ойлы да көркем қимылымен, ең бастысы, өзіне ғана тән секіру ерекшелігімен көрермен көңіліне жол таба білген осынау бас кет болшымен қоштасуға ешкімнің құлқы жоқ еді. Оны баскетбол- сүйер қауым әлі де ойынның бел ортасынан көргісі келетін. Бірақ ол өз дегенінен қайтпады. Спорт тан кетті.
Дегенмен 1995 жылдың 19 наурызында, араға екі жыл салып, Джордан қайта баскетбол алаңына оралды. Бірден сүйікті ұжымы «Чикаго Буллздың» жейдесін киген ол бәсекеге бел сене араласты, өз командасының сапында тағы үш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
1999 жылдың қаңтарында Майкл Джордан үлкен спортпен екінші рет қоштасты. Алайда 2001 жылдың соңына таман ол алаңға қайта шығып, бұл жолы «Вашингтонның» жейдесін киеді. Плей-офф сериясына шығу міндеттемесін алған команда жаңа ойыншының арқасында чемпионатты тәп-тәуір бастады. Бірақ Майклдың жарақат алып қалуына байланысты «Вашинг тон» көп ұзамай сәтсіздікке ұшырады. Бұл Майклдың бас кетбол өнеріндегі алғашқы сәт сіздігі еді. Өмірдің қара жолағы мұнымен де таусылмады. 2003 жылы вашингтондықтар плей-оффтан тағы да тыс қалды. Бұл жағдайлар Майкл Джорданға әсер етпей қоймады. Ақыры ол қырық жасында баскетболмен біржолата қоштасты.



Марапаттары мен жетістіктері


Майкл Джордан бес рет Ұлттық Баскетбол Ассоциациясының ең маңызды ойыншысы атағын иеленді, 1988ж, 1991ж, 1992ж, 1996ж, 1998ж), алты мәрте ҰБА финалының ең маңызды ойыншысы, (1991—93жж, 1996—98жж). ҰБА алты мәрте чемпионы атанды, (1991—93жж, 1996—98жж), екі дүркін олимпиада чемпионы(1984ж, 1992ж), он төрт рет Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы жұлдыздарының матчтарына қатынасты. (1985—1993жж, 1996—1998жж, 2002—2003жж), осы ойындардың ең пайдалы ойыншысы атағын үш мәрте алып та ұлгерді. (1988ж, 1996ж, 1998ж), 3 мәрте жоғарыға секіріп шығыршыққа лактыру (Slam Dunk Contest) байқауына таңдалып алынды. Slam Dunk Contest лақтыруы бойынша екідүркін чемпион атанды. (1987ж, 1988ж). Баскетбол тарихында ЛеБроном Джеймс және Майкл Джордан бір ойын маусымында олимпиада чемпионы, ҰБА чемпионы және ең бағалы ойыншы атақтарын иеленді. Майкл Джордан 1999 жылы Ассошиэйтед Пресс агенттігінің жариялаған ақпаратына сай ESPN спорт арнасының версиясы бойынша Бейба Рута (ағылш. Babe Ruth)- дан кейін 20 ғасырдың Солтүстікамерикалық Ұлы баскетболшы атағына ие болды. 2009 жылдың 11 қыркүйегінде Баскетбол Даңқ Залына сайланды.



Дереккөздер


Смит С. Правила Джордана = The Jordan Rules. — Pocket, 1993. — 384 с. — ISBN 0671796666
Хэлберстам Д. Игрок на все времена. Майкл Джордан и мир, который он сотворил = Playing for Keeps. Michel Jordan and the World He Made. — М.: АСТ, 2004. — 416 с. — 5100 экз. — ISBN 5-17-023229-2, 5-271-08550-3, 0-679-41562-9
Porter D. L. Michael Jordan: A Biography. — Westport, Connecticut: Greenwood, 2007. — 208 p. — (Greenwood Biographies). — ISBN 0313337675, 978-0313337673
Jordan M. For the Love of the Game : My Story. — NY: Crown, 1998. — 100 p. — ISBN 0609602063, 978-0609602065
Stout Gl., Peters St. Michael Jordan: Legends in Sports. — Little, Brown Books for Young Readers, 2008. — 188 с. — (Matt Christopher Legends in Sports). — ISBN 978-0-316-02380-1
Лоу Дж. Майкл Джордан: Уроки чемпиона = Michael Jordan Speaks: Lessons from the World's Greatest Champion. — М.: Альпина Паблишер, 2013. — 232 с. — 2200 экз. — ISBN 978-5-9614-4294-6









«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Майкл_Джордан&oldid=2572161» бетінен алынған










Бағыттау мәзірі


























(window.RLQ=window.RLQ||[]).push(function()mw.config.set("wgPageParseReport":"limitreport":"cputime":"0.020","walltime":"0.028","ppvisitednodes":"value":37,"limit":1000000,"ppgeneratednodes":"value":0,"limit":1500000,"postexpandincludesize":"value":269,"limit":2097152,"templateargumentsize":"value":105,"limit":2097152,"expansiondepth":"value":6,"limit":40,"expensivefunctioncount":"value":0,"limit":500,"unstrip-depth":"value":0,"limit":20,"unstrip-size":"value":0,"limit":5000000,"entityaccesscount":"value":0,"limit":400,"timingprofile":["100.00% 6.972 1 Үлгі:Lang-en","100.00% 6.972 1 -total"," 63.43% 4.422 1 Үлгі:LangWithName"," 23.20% 1.617 1 Үлгі:Lang"],"cachereport":"origin":"mw1239","timestamp":"20190301024151","ttl":2592000,"transientcontent":false);mw.config.set("wgBackendResponseTime":320,"wgHostname":"mw1273"););

Popular posts from this blog

រឿង រ៉ូមេអូ និង ហ្ស៊ុយលីយេ សង្ខេបរឿង តួអង្គ បញ្ជីណែនាំ

Crop image to path created in TikZ? Announcing the arrival of Valued Associate #679: Cesar Manara Planned maintenance scheduled April 17/18, 2019 at 00:00UTC (8:00pm US/Eastern)Crop an inserted image?TikZ pictures does not appear in posterImage behind and beyond crop marks?Tikz picture as large as possible on A4 PageTransparency vs image compression dilemmaHow to crop background from image automatically?Image does not cropTikzexternal capturing crop marks when externalizing pgfplots?How to include image path that contains a dollar signCrop image with left size given

Romeo and Juliet ContentsCharactersSynopsisSourcesDate and textThemes and motifsCriticism and interpretationLegacyScene by sceneSee alsoNotes and referencesSourcesExternal linksNavigation menu"Consumer Price Index (estimate) 1800–"10.2307/28710160037-3222287101610.1093/res/II.5.31910.2307/45967845967810.2307/2869925286992510.1525/jams.1982.35.3.03a00050"Dada Masilo: South African dancer who breaks the rules"10.1093/res/os-XV.57.1610.2307/28680942868094"Sweet Sorrow: Mann-Korman's Romeo and Juliet Closes Sept. 5 at MN's Ordway"the original10.2307/45957745957710.1017/CCOL0521570476.009"Ram Leela box office collections hit massive Rs 100 crore, pulverises prediction"Archived"Broadway Revival of Romeo and Juliet, Starring Orlando Bloom and Condola Rashad, Will Close Dec. 8"Archived10.1075/jhp.7.1.04hon"Wherefore art thou, Romeo? To make us laugh at Navy Pier"the original10.1093/gmo/9781561592630.article.O006772"Ram-leela Review Roundup: Critics Hail Film as Best Adaptation of Romeo and Juliet"Archived10.2307/31946310047-77293194631"Romeo and Juliet get Twitter treatment""Juliet's Nurse by Lois Leveen""Romeo and Juliet: Orlando Bloom's Broadway Debut Released in Theaters for Valentine's Day"Archived"Romeo and Juliet Has No Balcony"10.1093/gmo/9781561592630.article.O00778110.2307/2867423286742310.1076/enst.82.2.115.959510.1080/00138380601042675"A plague o' both your houses: error in GCSE exam paper forces apology""Juliet of the Five O'Clock Shadow, and Other Wonders"10.2307/33912430027-4321339124310.2307/28487440038-7134284874410.2307/29123140149-661129123144728341M"Weekender Guide: Shakespeare on The Drive""balcony"UK public library membership"romeo"UK public library membership10.1017/CCOL9780521844291"Post-Zionist Critique on Israel and the Palestinians Part III: Popular Culture"10.2307/25379071533-86140377-919X2537907"Capulets and Montagues: UK exam board admit mixing names up in Romeo and Juliet paper"Istoria Novellamente Ritrovata di Due Nobili Amanti2027/mdp.390150822329610820-750X"GCSE exam error: Board accidentally rewrites Shakespeare"10.2307/29176390149-66112917639"Exam board apologises after error in English GCSE paper which confused characters in Shakespeare's Romeo and Juliet""From Mariotto and Ganozza to Romeo and Guilietta: Metamorphoses of a Renaissance Tale"10.2307/37323537323510.2307/2867455286745510.2307/28678912867891"10 Questions for Taylor Swift"10.2307/28680922868092"Haymarket Theatre""The Zeffirelli Way: Revealing Talk by Florentine Director""Michael Smuin: 1938-2007 / Prolific dance director had showy career"The Life and Art of Edwin BoothRomeo and JulietRomeo and JulietRomeo and JulietRomeo and JulietEasy Read Romeo and JulietRomeo and Julieteeecb12003684p(data)4099369-3n8211610759dbe00d-a9e2-41a3-b2c1-977dd692899302814385X313670221313670221